Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қанат Бозымбаев Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқынының өту барысын тексерді

Қанат Бозымбаев Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқынының өту барысын тексерді
Фото: primeminister.kz

Жұмыс сапары барысында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Сергеев су қоймасының, Ущев бөгетінің және Петропавл гидроторабының техникалық жағдайымен танысып, Есіл өзені бойындағы елді мекендерді әуеден шолып өтті: Николаевка, Покровка, Чириковка, Семипалатное, Боголюбово, Бескөл, Прибрежное, Кожевенный, Подгора, Заречный, Ольшанка, Соколовка, Большая Малышка, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Вице-премьер М. Жұмабаев ауданының Булаево қаласында Орман өрт сөндіру станциясының жұмысымен танысты. Одан кейін Тепличное және Прибрежное ауылдарына барып, қорғаныс бөгеттерін тексерді.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, су тасқыны қаупі бар 112 елді мекен бақылауда. Олардың қауіпсіздігін жалпы ұзындығы 105,4 км болатын 60 бөгет қамтамасыз етеді. Петропавл қаласында екі бөгетті қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды (Кожевенный кенті, Ущев көшесі). Қызылжар ауданында биопруд және жалпы ұзындығы 24,4 км болатын үш бөгет бойынша жобалар аяқталуға жақын. Үкімет қолдауымен Прибрежное және Тепличное ауылдарында темірбетон жабындысын төсеу арқылы қорғаныс бөгетін қайта жаңғыртудың негізгі жұмыстары аяқталды. Қазіргі уақытта абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Большая Малышка ауылында ұзындығы 3,9 км болатын жер білігі салынды және қосымша нығайтылды. Прибрежное ауылына апаратын ұзындығы 2,1 км жолды қайта жаңғырту және көпір салу жұмыстары басталды, Соколовка ауылы маңында Есіл өзенінің арнасы түзетілді. Заречный кенті тұрғындарын жоспарлы түрде көшіру жалғасуда – 90 отбасы жаңа тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Мамыр айында 72 пәтерлі тұрғын үй құрылысы аяқталады, биыл тағы бір осындай үйдің құрылысы басталады.

Жоғары тәуекел аймағында Ғабит Мүсірепов атындағы, Шал ақын, Есіл, Қызылжар аудандары және Петропавл қаласы қалып отыр. Қазіргі уақытта су тасқынының екінші толқынының шарықтау шегі Ғ. Мүсірепов және Шал ақын аудандарында өтуде, ал Петропавл қаласында 30 сәуір-2 мамыр аралығында болжанып отыр.

Мұз кептелістерінің алдын алу мақсатында 24 мың шаршы метрден астам аумақта жарылыс жұмыстары жүргізілді. 23,6 мың тонна инертті материал және 549 мың қап дайындалды. 2 223 адамнан, 1428 техникадан, 476 су сорғыш және 120 жүзу құралынан тұратын күштер мен құралдар дайын. Жалпы сыйымдылығы 15,5 мың адамға арналған 283 уақытша орналастыру пункті әзірленді.

Су режиміне тәулік бойы мониторинг 27 гидрологиялық бекет арқылы жүргізілуде. Облыстың негізгі су артериясы – Есіл өзені 12 гидробекет арқылы бақылауда. 24 сәуірдегі жағдай бойынша Сергеев су қоймасының толымдылығы 120,58% (көлемі 835,6 млн текше метр). Су деңгейі – 139,16 см, тасу деңгейі – 116 см (тәулігіне +12 см). Петропавл гидроторабындағы су деңгейі 93,08 см (тәулігіне -12 см).

Бүгінгі күнге дейін тұрғын үйлерді су басу деректері тіркелген жоқ. Су тасқыны кезеңі басталғалы бері республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында 4 су асу фактісі тіркелді, алайда елді мекендерге қауіп төнген жоқ.

Өңірдегі ахуал тұрақты бақылауда, барлық қызметтер өзара үйлесімді жұмыс істеп жатыр. Қабылданған сақтық шаралары тұрғындардың қауіпсіздігін және су тасқыны кезеңінің бірқалыпты өтуін қамтамасыз етуде. Су тасқыны кезеңі мамыр айының басына қарай қалыпты деңгейде аяқталады деп күтілуде.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады