Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Роман Скляр Петропавл қаласында ауыз су сапасын бақылауды күшейтуді тапсырды

Роман Скляр Петропавл қаласында ауыз су сапасын бақылауды күшейтуді тапсырды
Фото: primeminister.kz

СҚО-ның су басу қаупі жоғары елді мекендерін аралау кезінде Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Кожевенный және Заречный кенттеріндегі бөгеттер құрылысының аяқталғаны туралы баяндамаларды тыңдады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Сонымен қатар Роман Скляр Тепличное, Прибрежное ауылдарындағы, Ущев көшесі бойындағы арықтарды дайындау жұмыстарын және Петропавл қаласын ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған маңызды стратегиялық нысан – «Қызылжар Су» ЖШС-ның екінші деңгейдегі сорғы станциясы бөгеттерінің қорғаныс қабілетін тексерді.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасарының тапсырмасы бойынша сорғы станциясы биіктігі 1,5 метр болатын 450 метрге жайылған бөгетпен қорғалған.

«Қалаға берілетін ауыз су сапасын тексеру маңызды. Арнайы зертхана екі сағат сайын судың сапасын тексеріп, зерттеп, есеп беріп отыруы керек. Судың келуімен оның жарамдылығы төмендеуі мүмкін. Қала тіршілігін қамтамасыз ету жұмысын үздіксіз жүргізіп отыру қажет», —  деп тапсырды Роман Скляр.

Бірінші вице-премьер су тасқынына қарсы жұмыстардың көлемін бағалап, жол инфрақұрылымы жүктемесін азайту туралы есепті тыңдады. Оның ішінде, үлкен судың келуі туралы жаңартылған болжамды ескере отырып, қатты су басу салдарын азайту процесі қозғалды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді