Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қанат Бозымбаев Шығыс Қазақстан облысындағы су тасқыны жағдайын тексерді

Қанат Бозымбаев Шығыс Қазақстан облысындағы су тасқыны жағдайын тексерді
Фото: primeminister.kz

Қанат Бозымбаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Қазіргі уақытта өңір аумағында таулы аймақтардағы қардың еруінен екінші су тасқыны толқыны өтіп жатыр. Вице-премьер су тасқыны қаупі жоғары учаскелерді тексерді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс бойынша 2 қала мен 11 ауданда 72 су тасқыны қаупі бар елді мекен анықталған. Жүргізілген алдын алу шараларының нәтижесінде 15 елді мекенде тасқын қаупі жойылып, 49-ында қауіп азайтылды. Қазір 8 елді мекен әлі де қауіп аймағында, ол жерлерде тәулік бойы бақылау ұйымдастырылған.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, 132 су шаруашылығы нысаны штаттық режимде жұмыс істеуде. Қанат Бозымбаев Өскемен қаласындағы Вторушка өзеніндегі гидротехникалық құрылысты және өзен суын су бұру арнасына айдайтын 1А сорғы станциясын тексерді. Бұл нысан маңайдағы тұрғын үйлерді су басудан қорғайды. Кейін вице-премьер Зубовск ауылындағы жағалауды нығайту дамбасының және Бұқтарма өзенінің Малеевск ауылындағы гидропостының жағдайымен танысты.

Өскемен қаласында Қанат Бозымбаев облыстағы су тасқыны жағдайын нақты уақыт режимінде бақылап, болжау жүргізілетін жедел басқару орталығының жұмысымен танысты. Мұнда су тасқыны жағдайы цифрлық карта арқылы да бақыланады.

Вице-премьер «Қазгидромет» РМК мен облыс әкімдігіне салынған дамбалар бойынша жүргізілген жұмыстарды ескере отырып, гидропосттардағы шекті деңгейлерді қайта калибрлеуді және нақтылауды тапсырды. Сондай-ақ мамыр-маусым айларында күтілетін үшінші су тасқыны толқынына дайындықты күшейту жөнінде барлық тиісті қызметтерге нақты тапсырма берілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады