Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Моңғолия тауар айналымын $500 млн-ға арттыруға ниетті

Қазақстан мен Моңғолия тауар айналымын $500 млн-ға арттыруға ниетті
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Моңғолия Премьер-министрінің орынбасары Хассуурийн Ганхуягпен кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кездесу барысында Серік Жұманғарин сұхбаттасын жоғары мемлекеттік лауазымға тағайындалуымен құттықтап, табысты еңбек тіледі. Ол Моңғолия Қазақстанның Азия аймағындағы маңызды серіктесі екенін, ал екіжақты ынтымақтастық тарихи терең тамырлы өзара құрмет пен сенім рухында дәйекті түрде дамып келе жатқанын атап өтті.

Қазақ-моңғол әріптестігінің негізі ретінде сауда-экономикалық өзара іс-қимылға басты назар аударылады. Мемлекет басшылары ортамерзімді перспективада екіжақты тауар айналымын $500 млн-ға  арттыру мақсатын қойып отыр. Тараптар оған екі ел арасындағы жеткізу номенклатурасын кеңейту, кооперациялық жобаларды дамыту, сауда, әкімшілік кедергілерді кезең-кезеңімен жою есебінен қол жеткізілетініне сенім білдірді.

2025 жылғы қаңтар-қарашадағы қорытынды бойынша Қазақстан мен Моңғолия арасындағы тауар айналымы $121,5 млн-ға (+5,5%), оның ішінде экспорт $113 млн-ға, импорт $8,6 млн-ға жетті. Қазақстан экспортының құрылымында темекі өнімі, рапс тұқымы, нан, ұн және кондитерлік өнім, тамақ өнімі, майлы дақыл, сондай-ақ қозғалтқыштар мен машина жасау өнімі басым. Моңғолиядан ет пен ет өнімі, кашемир, аяқ киім, кілем, жүннен жасалған бұйымдар импортталады.

Тауар айналымын одан әрі арттыру мақсатында қазақстандық тарап тікелей іскерлік байланыс орнату, сондай-ақ Қазақстандағы индустриялық және еркін экономикалық аймақтар мен экспорттық әлеуетті таныстыру үшін Моңғолияға сауда миссиясын жіберуді жоспарлап отыр.

Жиында ауыл шаруашылығы саласындағы жоғары ынтымақтастықтың әлеуеті де атап өтілді. Тараптар қазақстандық аграрлық өнім экспортын арттыру, сондай-ақ Моңғолия аумағында олардың өндірісін орнату мүмкіндігін, ветеринариялық вакциналарды жеткізу перспективасын талқылады.

Өз кезегінде Хассуурийн Ганхуяг аймақтағы әріптес тұрғысында Қазақстанның Моңғолия үшін стратегиялық маңызын атап көрсетіп, биыл екіжақты ынтымақтастықты жандандыруға сенім білдірді. Ол Қазақстанның Моңғолия мен Орталық Азия елдері арасындағы дәнекер ретіндегі рөліне тоқталып, тарифтік емес кедергілерді анықтау және жою бойынша бірлескен жұмыс тобын құруға мүдделі екенін мәлімдеді. Моңғолия тарапы стандарттау, ветеринариялық қорғау және мал шаруашылығы саласындағы өзара іс-қимылды тереңдетуге қызығушылық білдірді.

Кездесуді соңында тараптар сындарлы және өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниеттестік білдірді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті