Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада Еуропалық иммундау апталығы өтіп жатыр

Астанада Еуропалық иммундау апталығы өтіп жатыр
Фото: Астана қ. әкімдігі

Әлем бойынша 19-25 сәуір аралығында Еуропалық иммундау апталығы өтіп жатыр. Биылғы шараның ұраны – «Вакциналар әрбір ұрпаққа пайдалы». Осыған орай Астанада тұрғындардың ақпараттандырылуын арттыруға және вакцинацияға деген сенімді нығайтуға бағытталған кешенді іс-шаралар өтіп жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Вакцинация тек медициналық шара ғана емес, ол – балалардың дені сау болып өсуіне, ересектердің белсенді өмір сүруіне және егде жастағы адамдардың қауіпсіз әрі ұзақ өмір сүруіне ықпал ететін маңызды қадам.

Апталық аясында елордадағы медициналық ұйымдар мен қоғамдық орындарда түсіндіру мақсатында кездесулер өткізіліп, тұрғындар вакцинацияға қатысты сұрақтарына жауап ала алады. Сонымен қатар фото және арт-көрмелер ұйымдастырылып, денсаулық сақтау саласының мамандарының бейнеүндеулері ұсынылады.

Іс-шараларға Еуропа Одағының елшілері де қатысады, бұл бастаманың халықаралық маңызын және қоғамдық денсаулықты нығайтудағы рөлін көрсетеді. Аталған шаралар Астана қаласының әкімдігі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы өкілдігімен бірлесіп өткізіліп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді