Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Каспий жағалауынан табылған итбалық өлекселерінің саны күрт өсті

Каспий жағалауынан табылған итбалық өлекселерінің саны күрт өсті
Фото: instagram.com/fishcommitteekz

Каспий жағалауынан табылған итбалық өлексесінің саны 97-ден 191-ге жетті, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті өкілдері мәлімдеді.Ведомствоның мәліметінше, 2026 жылғы 17 сәуір сағат 17:00-дегі жағдай бойынша Түпқараған ауданы аумағындағы Каспий теңізі жағалауынан 200-ге жуық итбалықтың өлексесі табылды. Олардың өлексесі 2-4 дәрежеде ыдыраған күйде болған.Бұл дерек аудандық полиция бөлімінде тіркелген.

Комитеттің хабарлауынша, Каспий итбалығын бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында зерттеп жатқан ғылыми ұйым – Гидробиология және экология институты оқиға орнында өлекселерді жарып, сынама алуға болатын тұстарынан ішінара үлгі алған. Ал Маңғыстау облыстық экология департаменті су мен топырақтан сынама жинаған.

Алайда өлекселердің қатты шіруіне байланысты Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің ветеринариялық қызметі жұқпалы ауруларды анықтау үшін патологиялық материалдардан сынама ала алмаған.

Қазір Каспий теңізі жағалауын бақылау жалғасып жатыр. Жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері балық шаруашылығы инспекциясымен және өзге де мекеме өкілдерімен бірге өлекселерді жинап, санитарлық талаптарға сай жойған.

Сала мамандарының айтуынша, көпжылдық зерттеулерге сүйенсек, итбалықтардың қырылуына иммунитеттің әлсіреуі мен ағза төзімділігінің төмендеуі себеп болуы мүмкін. Бұл жануарларды түрлі инфекцияларға осал етеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады