Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да полицейлер мұздай судан шыға алмай қалған 86 жастағы әжейді құтқарды

СҚО-да полицейлер мұздай судан шыға алмай қалған 86 жастағы әжейді құтқарды
Фото: polisia.kz

СҚО-да полицейлер мұздай судан шыға алмай қалған 86 жастағы әжейді құтқарды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер түнгі уақытта адасып, мұздай суға түсіп кеткен 86 жастағы әйелді тауып, құтқарды. Саумалкөл ауылының тұрғыны үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Оған қарасып жүрген көршілері алаңдап, шамамен сағат 21:00-де полицияға жүгінген. Дереу іздестіру жұмыстары ұйымдастырылды. Іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары әйелдің Баянтай ауылы бағытына қарай баратын жолда — аудан орталығынан шамамен төрт шақырым жерде байқалғанын анықтады. Жоғалған қарияны криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы Дастан Таласпаев пен жедел уәкіл Абылайхан Қабдушев тапты. Шамамен сағат 22:00-де теміржол бойындағы аумақты тексеру кезінде полицейлер қараңғыда бұталардың сытырлаған дыбысын естиді. Дауыстап шақырғанда ешкім жауап бермеген, тек біршама уақыттан кейін ғана ақырын шыққан дауыс естілген. Есту қабілеті нашар зейнеткер фонарь жарығын байқап, көмекке шақырған.

Белгілі болғандай, қария еріген қар суымен толған орға түсіп кетіп, бұталарға шырмалып, өздігінен шыға алмай қалған. Ұзақ уақыт суық суда тұрып қалып, әбден әлсіреген. Полиция қызметкері Абылайхан Қабдушев ойланбастан мұздай суға түсіп, әжейді иығына көтеріп алып шықты. Полицейлер зейнеткерді жылытып, үйіне жеткізді. Бұған дейін ол кісі бұлай жоғалмаған, көршілерінің айтуынша, бағыт-бағдарынан жаңылу белгілері болмаған. Полиция қызметкерлерінің жедел іс-әрекеттерінің арқасында қайғылы жағдайға жол берілген жоқ. Қазіргі уақытта зейнеткердің жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады