Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қанат Бозымбаев әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды трансформациялау мәселелері бойынша кеңес өткізді

Қанат Бозымбаев әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды трансформациялау мәселелері бойынша кеңес өткізді
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды (ӘКК) трансформациялау мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ұкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ӘКК-лерді толыққанды өңірлік даму институттарына айналдыру Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында жүзеге асырылуда.

ӘКК қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды салалық министрліктер, өңір әкімдіктері және корпорациялардың өздері ұсынды.

Ұлттық экономика министрлігі ӘКК қызметінің 7 негізгі функциясын айқындады. Осы функциялар шеңберінде ӘКК өңірлік жобалардың бес жылдық портфельдерін қалыптастырып, әрбір жоба бойынша инвесторлар мен кредиторларды айқындауы тиіс. Қаржыландыру көздері ретінде банктер мен «Бәйтерек» тобының даму институттары қарастырылуда.

ӘКК бизнес пен ұлттық даму институттары («Даму» қоры, ӨДҚ, ҚДБ, Аграрлық кредиттік корпорация, KazakhInvest, QazIndustry, QazTrade) арасындағы байланыстырушы буын ретінде әрекет етеді, сондай-ақ оларға табыстылық және өзін-өзі ақтау қағидаттары негізінде кредит беру құқығы беріледі. Мемлекеттік активтерді басқару табыс табуға бағдарлануы тиіс.

Реформа аясында тұрақтандыру қорларын ӘКК құрылымынан шығару мәселесі қарастырылуда. Бұл тиімсіз функцияларды жоюға, ашықтықты арттыруға және кредиттік рейтингтер алу мен нарықтық қаржыландыру тартуға жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Кеңес қорытындысы бойынша Қанат Бозымбаев арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың жұмыс істеу мәселелерін пысықтауды, бейінді емес активтерге түгендеу жүргізуді, сондай-ақ ӘКК үшін бірыңғай кредиттік және инвестициялық саясатты қалыптастыруға арналған нормативтік базаны әзірлеуді тапсырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады