Алматының барлық ауданында жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Солардың біріне шаһар басшысы Дархан Сатыбалды қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әкім қала тұрғындарымен бірге Алатау ауданындағы Ботакөз шағынауданында ағаш екті. Жалпы, мегаполистің 20-ға жуық аумағында өткен тазалық және көркейту жұмыстарына шамамен 30 мың адам қатысты. Еріктілер мен түрлі ұйымдардың өкілдері саябақтарды, аулаларды және жағалау аймақтарын тазалады. Жастар да бұл бастамаға белсенді атсалысты. Сенбіліктердің басты мақсаты — қалалық ортаның сапасын арттыру, сондай-ақ Алматы тұрғындарын тазалық пен көркейту ісіне жұмылдыру.Кеше, 13:59
Алматыда жалпықалалық сенбілік өтті
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз