Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте киберполицейлер 18 мыңнан астам алаяқтық қоңыраудың жолын кесті

Шымкентте киберполицейлер 18 мыңнан астам алаяқтық қоңыраудың жолын кесті
Фото: polisia.kz

Шымкентте киберполицейлер 18 мыңнан астам алаяқтық қоңыраудың жолын кесті, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шымкентте интернет-алаяқтықтың алдын алу және жолын кесуге бағытталған “Антифрод” жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Арман Бейсенбаевтың мәліметінше, 1 ақпаннан бері жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында киберқылмысқа қарсы күресте нақты нәтижелерге қол жеткізілді. Интернет-алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген 3 қылмыскер ұсталып, бір ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі жойылды, сондай-ақ 2 хакердің заңсыз әрекеті тоқтатылды. Бұдан бөлек, SIM-карталарды заңсыз белсендірумен айналысқан 5 адам ұсталып, олардан 3000-нан астам SIM-карта мен 18 ұялы телефон тәркіленді.

Киберқылмыс жасағаны үшін 37 тұлға жауапкершілікке тартылып, тағы 27 азамат профилактикалық есепке алынды. “Антифрод” жүйесі арқылы 15,5 миллион теңгеден астам қаражат бұғатталып, 18 мыңнан астам алаяқтық қоңыраудың жолы кесілді, сондай-ақ қылмыстық мақсатта пайдаланылған 337 интернет-ресурс та бұғатталды. Аталған жұмыс жүйелі әрі кешенді түрде “Заң мен тәртіп” қағидаты аясында жүргізілуде және ең алдымен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қаржылық шығындардың алдын алуға бағытталған. Полиция қызметкерлері тұрғындарды қырағылық танытуға шақырады: күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеңіз, белгісіз сілтемелерге өтпеңіз және ешбір жағдайда банк карталарының деректері мен растау кодтарын бөгде адамдарға бермеңіз. Банк қызметкерлері мен мемлекеттік органдар ешқашан ақша аударуды талап етпейді. 


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады