Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

БҚО-да ауыл кәсіпкерлігі дамып, жаңа жұмыс орындары құрылуда

БҚО-да ауыл кәсіпкерлігі дамып, жаңа жұмыс орындары құрылуда
Фото: БҚО әкімдігі

Батыс Қазақстан облысының Жалпақтал ауылында шағын кәсіпкерлікті қолға алған ауыл тұрғындарының қатары жыл санап артып келеді. Халыққа қажетті өнімдерді жергілікті жерде өндіру мүмкіндігі ауыл тұрғындарының табысын арттырып, тұрақты жұмыс орындарын қамтамасыз етуде, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі БҚО әкімдігіне сілтеме жасап.

Олардың бірі – металл бұйымдары мен жиһаз өнімдерін дайындайтын Бекнұр Қыдырашев. Кәсіпкер «AMANAT»партиясының «Ауыл аманаты» жобасы аясында жеңілдетілген несие алып, бүгінде металл бұйымдарын дайындайтын цех ашты. Енді ол жеке тұтынушыларға, дүкендермен әлеуметтік нысандарға әртүрлі өнімдер жеткізіп, ауыл тұрғындарына қызмет көрсетуде.

Кәсіпкердің айтуынша, халықтың металл бұйымдарға деген сұранысы күн санап артып келеді.

«Ауыл аманаты» жобасының арқасында бұрын үйде дайындаған тапсырыстарымызды енді арнайы цехта шығарамыз. Бұрын ауыл тұрғындары қалағабарып өнім алуға мәжбүр болса, қазір жергілікті жерде қолжетімді бағада қызмет көрсетеміз. Цехта қоқыс жәшіктері, гүлдерге арналған сөрелер, арнайы металл есіктер және лофт стиліндегі жиһаздардың барлық түрін дайындаймыз», – деді Бекнұр Қыдырашев.

Қазіргі уақытта кәсіпкер 3 ауыл тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Алдағы уақытта өндіріс көлемін ұлғайтып, қосымша жұмыс орындарын ашуды жоспарлап отыр.

«Ауыл аманаты» жобасы облыста ауыл тұрғындарының табысын арттыру және кәсіпкерлікті дамыту жолында табысты жүзеге асырылуда.

2023–2025 жылдары жобааясында өңірге бөлінген 14,4 млрд теңгенің 11,2 млрд теңгесі игеріліп, 1469 микрокредит берілді. Нәтижесінде, 1904 жаңа жұмыс орны құрылды.

Айта кетейік, «Ауыламанаты» жобасы AMANAT партиясы бастамасымен жүзеге асырылып, ауылдардағы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге және халықтың әл-ауқатын арттыруғабағытталған.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады