Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қызылорда облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасының арқасында 700 жұмыс орны ашылды

Қызылорда облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасының арқасында 700 жұмыс орны ашылды
Фото: primeminister.kz

Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуымен танысу үшін бірқатар ауылдық елді мекендерге барды. Ауыл тұрғындарын қолдауға бағытталған бағдарлама айтарлықтай нәтижелерін берді. 2023 жылы өңірге 3 млрд теңге бағытталды. Несиелер 406 жобаға берілді, 700-ден астам жұмыс орны құрылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәселен, Махамбетов ауылының тұрғыны Сәрсенгүл Аралбаева «Ауыл аманаты» арқылы 5 млн теңге алып, шұлық шығаруға арналған құрал-жабдықтарды сатып алды. Бағдарламаның арқасында қазір күніне 200-250 шұлық сатып, жеке кәсіпкерлер қатарын толықтырып отыр.

«Өнімге деген сұраныс өте жақсы. Әзірге екі адам жұмыс істейміз. Кәсібім кеңейіп жатса, жұмыс орындары да көбейеді. Жобама қолдау білдіргендерге алғысым шексіз!», — дейді Сәрсенгүл Аралбаева.

Осы ауылдың тағы бір тұрғыны Алтынкүл Дүйсенғазиева қой және түйе жүні мен мақтадан көрпе тігіп, кәсібін дөңгелетіп отыр. Ол үшін «Ауыл аманаты» жобасы аясында 3 млн теңгеден астам несие алды. Қазір ауыл, аудан тұрғындарынан бөлек, Астана тұрғындары да тапсырыс жасайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі