Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Пойызда бұзақылық жасағандар жауапкершілікке тартылды

Пойызда бұзақылық жасағандар жауапкершілікке тартылды
Фото: polisia.kz

Көліктегі полиция департаменті қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ көлік инфрақұрылымы нысандарындағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған жұмысты жүйелі түрде жалғастыруда, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жыл басынан бері көлік полицейлері 25 378 құқық бұзушылықты тоқтатты. Оның ішінде қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішу бойынша 1 831, ұсақ бұзақылықтың 190, сондай-ақ полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаудың 22 фактісі және басқа да құқық бұзушылықтар тіркелген. Мәселен, Орал – Астанабағытдындағы жолаушылар пойызын патрульдеу барысында Қостанай станциясындағы көліктегі полиция бөлімінің қызметкерлері 49 жастағы жолаушыны анықтады. Ол алкогольдік масаң күйде болып, вагон жолсерігі мен басқа жолаушыларға қатысты балағат сөздер айтып, қоғамдық тыныштықты бұзған. Сонымен қатар ол полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған. Аталған азамат ұсақ бұзақылық және құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбау бойынша екі баппен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сот шешімімен оған 7 тәулік мерзімге қамауға алу жазасы тағайындалды. Осыған ұқсас жағдай Ақтөбе станциясында да болды. Онда 46 жастағы ер адам қоғамдық тәртіпті бұзып, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындаудан бас тартқан. Ол да жауапкершілікке тартылып, 6 тәулікке қамауға алынды. Билік өкілінің заңды талабына бағынбау өрескел құқық бұзушылыққа жатады. Мұндай әрекеттер үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделген.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді