Астанада 4 және 5 сәуір күндері кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жәрмеңкеде жергілікті фермерлер мен Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жеміс-жидектерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, түрлі бәліштер мен тәтті тағамдарды, табиғи шырындарды, тосаптар мен джемдерді тиімді бағада сатып ала алады.
Іс-шара 4 және 5 сәуір күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Алаш тасжолы, 35Б мекенжайында орналасқан «Keryen Joly» сауда орталығында өтеді.
Келушілерге қолайлы болуы үшін жәрмеңке өтетін орынға №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 бағыттағы автобустар қатынайды.