Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада полиция брендтік тауарларды заңсыз сатумен айналысқан күдіктіні ұстады

Астанада полиция брендтік тауарларды заңсыз сатумен айналысқан күдіктіні ұстады
Фото: polisia.kz

Астанада полиция брендтік тауарларды заңсыз сатумен айналысқан күдіктіні ұстады, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілішсі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Астанада полиция қызметкерлері танымал брендтердің тауарларын сатумен байланысты бірқатар алаяқтық деректері бойынша күдікке ілінген 33 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдікті алдын ала ойластырылған схема бойынша әрекет еткен. Ол жалған сенімхаттар жасап, өзін Қазақстан аумағындағы түрлі брендтердің ресми өкілі ретінде таныстырған. Осы сылтаумен кәсіпкерлерге хабарласып, олардың қызметінен заң бұзушылықтар анықталғанын айтқан.

Алдау мен қысым көрсету арқылы ол сатушылардан ақшалай қаражат талап етіп, “мәселені шешіп беруге” және өнімді сату барысында қиындықтарға жол бермеуге уәде берген. Эпизодтардың бірінде келтірілген шығын көлемі 300 мың теңгеден асқан. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері осындай төрт алаяқтық дерегін тіркеді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталып, тұрғылықты мекенжайы бойынша ұсталып, полицияға жеткізілді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полиция кәсіпкерлерге ескертеді: өзін брендтердің немесе компаниялардың ресми өкілі ретінде таныстыратын тұлғалардың өкілеттілігін міндетті түрде тексеру қажет. Күдік тудыратын талаптар туындаған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгініңіздер.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады