Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодар облысында 53 келіден астам есірткі жойылды

Павлодар облысында 53 келіден астам есірткі жойылды
Фото: polisia.kz

Павлодар облысында қылмыстық істер аясында тәркіленген есірткі құралдары мен прекурсорлар жойылды. Бұл шаралар соттардың тиісті істер бойынша соңғы шешімдері шыққаннан кейін жүзеге асырылды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Полиция қызметкерлері прокуратура өкілдерімен бірлесіп, бұрын заттай дәлелдеме ретінде танылған тыйым салынған заттарды толықтай жою жұмыстарын жүргізді. Жою рәсімінің алдында барлық заттай дәлелдемелер міндетті түрде тексеруден өтті. Олардың қатарында мөрленген қораптар мен конверттердегі есірткі заттары, оларды дайындау мен тұтынуға арналған құралдар, химиялық құрамдар және тыйым салынған заттарды өндіруге арналған прекурсорлар болды.

— Аталған заттардың барлығы жедел-іздестіру іс-шаралары, жеке тінту мен тінту барысында, сондай-ақ есірткі зертханаларын жою кезінде тәркіленген. Барлық деректер бойынша қылмыстық істер сотта қаралып, тиісті шешімдер қабылданды. Жалпы 12 қылмыстық іс аясында өсімдік және синтетикалық текті есірткі құралдарының 51 нысаны жойылды. Олардың барлығы қажетті сараптамалардан өтті. Жою жұмыстары сот шешімдері мен тергеу органдары актілерінің негізінде қатаң түрде жүргізілді, - деді Павлодар облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Арсен Айғазин. 

Полиция облыс тұрғындарын есірткінің заңсыз айналымы фактілері туралы "102" нөміріне хабарлауға шақырады. Есірткі притондары, заңсыз сату орындары немесе бұл әрекетке өзге тұлғаларды, әсіресе кәмелетке толмағандарды тартатын адамдар туралы ақпарат адам өмірін сақтап қалуға ықпал етуі мүмкін. Естеріңізде болсын: есірткіге байланысты қылмыстар үшін заңнамада қатаң жаза көзделген — өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді