Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодар облысында есірткі жасырған күдікті ұсталды

Павлодар облысында есірткі жасырған күдікті ұсталды
Фото: polisia.kz

Павлодар облысында есірткі жасырған күдікті ұсталды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері Ақсу қаласының аумағында тыйым салынған заттардың заңсыз айналымымен айналысқан 26 жастағы Алматы қаласының тұрғынының қылмыстық әрекетінің жолын кесті.

– Күдікті есірткі жасырын қою кезінде ұсталды. Жеке тінту барысында қыздан ақ түсті кристалл ұнтақ салынған 29 орам табылып, тәркіленді. Сондай-ақ қала көшелеріндегі жасырын орындардан осындай 28 орам анықталды.Жүргізілген сараптама нәтижесінде тәркіленген заттардың жалпы салмағы 50 грамнан асатын синтетикалық есірткі екені белгілі болды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды, – деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов. 

Ұсталған азаматтың айтуынша, ол Ақсу қаласына келіп, мессенджер арқылы жасырын орынның координаттарын алған және есірткіні өткізу мақсатында дозаларға бөліп, қаптаумен айналысқан.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді