Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада семсерлесуден Әлем кубогы өтті: оған 46 елден 500-ге жуық спортшы қатысты

Астанада семсерлесуден Әлем кубогы өтті: оған 46 елден 500-ге жуық спортшы қатысты
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанада ерлер мен әйелдер арасында сапы бойынша семсерлесуден Әлем кубогы өтті. Бұл – Халықаралық семсерлесу федерациясы (FIE) қолдауымен ұйымдастырылатын маңызды турнирлердің бірі. Қазақстан мұндай деңгейдегі жарысты тарихта алғаш рет өткізіп отыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

FIE халықаралық күнтізбесіне жыл сайын осы санаттағы небәрі бес турнир енеді. Аталған жарыс дәстүрлі түрде Швейцария, Германия, БАӘ және Канада елдерінде өтеді.

Биылдан бастап бұл тізімге алғаш рет Қазақстан қосылып, Орталық Азияда Әлем кубогын өткізу құқығына ие болған алғашқы ел атанды.

Турнирге әлемнің 46 елінен шамамен 500 спортшы қатысты: олардың 222-сі – әйелдер, 272-сі – ерлер. Командалық сайыстарға 31 ерлер және 23 әйелдер құрамасы қатысады.

Бапкерлер, төрешілер мен ұйымдастырушыларды қосқанда, қатысушылардың жалпы саны 1000 адамнан асады. Ашылу салтанатына Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев қатысты.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен спорт саласында ауқымды реформалар жүзеге асырылып жатыр. Соның алғашқы нәтижелері қазірдің өзінде байқалуда. Биылдан бастап балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері бапкерлерінің жалақысы 30%-ға артты. 

Балалар спортына бөлінетін қаржы шамамен екі есеге көбейді. Басым спорт түрлері айқындалды, легионерлерді мемлекеттік қаржыландыру тоқтатылды, ұлттық спорт түрлеріне олимпиадалық спорт түрлерімен тең мәртебе берілді.

Сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық кеңейіп келеді.

Спортшыларымыз халықаралық аренада табысты өнер көрсетіп, ел абыройын асқақтатуда. Әлеуетті спорт резерві қалыптасып, балалар спорты дамып келе жатқанын айта кеткен жөн. Осындай деңгейдегі жарыстың елімізде өтуі – Қазақстанның халықаралық спорт аренасындағы беделінің артып келе жатқанын көрсетеді», – деді министрдің орынбасары.

Турнирде Қазақстан атынан 30 спортшы бақ сынады. Олардың қатарында Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаймов бар. Әйелдер арасында 24 спортшы өнер көрсетеді, олардың ішінде Ульяна Писцова, София Николайчук, Каролина Фомина және Владислава Андреева бар.

Еске сала кетейік, былтыр Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем чемпионатында қола жүлде иеленіп, тарихи жетістікке қол жеткізген еді. Ал 2024 жылғы Париж Олимпиадасында ұлттық құрама 6-орын алды.

Құраманың бас бапкері – Олександр Горбачук. Оның жетекшілігімен Жапония құрамасы Токио және Париж Олимпиадаларында, сондай-ақ 2018 және 2022 жылғы Азия ойындарында чемпион атанған.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады