Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Фото: Ақорда

Шахбаз Шариф Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау бойынша республикалық референдумның табысты өтуімен құттықтады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Пәкістан Премьер-министрі мемлекеттік басқару жүйесі мен институционалдық орнықтылықты одан әрі нығайтуға және халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бұл уақиғаның тарихи маңызын атап өтті.

Шахбаз Шарифтің айтуынша, бүкілхалықтық дауыс беру нәтижесі Қазақстан азаматтары Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларын кеңінен қолдайтынын көрсетті.

Мемлекет басшысы құттықтауы мен референдум қорытындысын жоғары бағалағаны үшін Пәкістан Премьер-министріне алғыс айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің оң қарқынына көңілдері толатынын айтты. Осы орайда Президенттің биыл ақпан айында Пәкістанға жасаған мемлекеттік сапарының нәтижесінде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысы талқыланды.

Мемлекет басшысы мен Пәкістан Премьер-министрі өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті