Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағанды облысында қарт кісілерді алдаумен айналысқан күдіктілер әшкере болды

Қарағанды облысында қарт кісілерді алдаумен айналысқан күдіктілер әшкере болды
Фото: polisia.kz

Қарағанды облысында қарт кісілерді алдаумен айналысқан топ әшкере болды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды облысында полиция қызметкерлері Теміртау қаласынан шыққан, негізгі нысанасы Қарағанды қаласының егде жастағы әйелдері болған алаяқтар тобының қызметін тоқтатты. Қылмыскерлер сенгіш зейнеткерлерді түрлі айла-тәсілдер арқылы алдап, олардың жинаған қаражатын иемденіп отырған. Қазіргі уақытта тергеу олардың кемінде 9 қылмыстық эпизодқа қатысы бар екенін анықтады. Зардап шеккендердің жасы 75-тен асқан. Келтірілген материалдық шығын көлемі 320 мыңнан 4 миллион теңгеге дейін жетеді.

Жәбірленушілердің бірі — Қарағанды қаласының 80 жастағы тұрғыны Ә.Бөкейхан атындағы полиция бөліміне алаяқтық дерегі бойынша арызданған. Оның айтуынша, қалалық телефон арқылы қоңырау шалған белгісіз адам өзін ұлы ретінде таныстырып, сәлемдеме келгенін хабарлаған. Ол жеткізу ақысын шұғыл төлеуді талап етіп, төлем жасалмаған жағдайда сәлемдемені сақтау үшін қомақты қаражат төлеуге тура келетінін айтқан. Біраз уақыттан кейін зейнеткердің үйіне жас жігіт келіп, әйел оған 320 мың теңге берген.

Курьер кеткеннен кейін ғана зейнеткер телефонмен ұлымен байланысып, алаяқтардың құрбаны болғанын түсінген. Осыдан кейін ол полицияға хабарласып, күдіктінің нақты сипаттамасын ұсынған. Бірнеше сағаттың ішінде жедел қызметкерлер жоғары жұмыс тиімділігін танытып, күдіктіні және осы қылмысқа қатысы бар топтың басқа мүшелерін ұстады. Тануға ұсыну барысында 80 жастағы жәбірленуші 32 жастағы күдіктіні басқа адамдардың арасынан танып көрсетті. Сонымен қатар полиция қызметкерлері оны тану үшін Қарағанды қаласының тағы бір 90 жастағы тұрғынына да көрсеткен. Оның дауысын естіген әйел өзін алдаған "курьерді" бірден танып, шамамен 2 миллион теңге көлеміндегі қаражаттың жымқырылғанын растады. Аталған деректер бойынша қылмыстық істер қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері ұсталғандардың бұған дейін жасалған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеру жұмыстарын жалғастырып жатыр.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі