Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Маңғыстаулық Ұлы Отан соғысының ардагері бейбітшілікті бағалап, болашақ үшін дұрыс таңдау жасауға шақырды

Маңғыстаулық Ұлы Отан соғысының ардагері бейбітшілікті бағалап, болашақ үшін дұрыс таңдау жасауға шақырды
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Маңғыстау облысында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Салазкин тұрғындарға үндеу жасап, бейбіт өмірдің қадірін бағалап, оның қандай үлкен қиындықпен келгенін ұмытпау керектігін еске салды. Оның айтуынша, соғыстың ауыр жылдары бүкіл халық үшін үлкен сынақ болды. Алайда жауынгерлердің батылдығы мен жанқиярлығының арқасында елдің еркіндігі мен болашағын қорғап қалу мүмкін болды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ардагер бүгінгі күні бейбітшілік, бірлік және тұрақтылықты сақтау аса маңызды екенін атап өтті. Ол қазіргі ұрпақ тарихты ұмытпай, ардагерлердің ерлігін құрметтеп, өз елінің болашағына жауапкершілікпен қарауы керек екенін айтты.

Василий Салазкиннің сөзінше, бейбіт өмір – ең басты құндылық, оны көздің қарашығындай сақтау қажет. Ол адамдарды тыныштықты, келісімді және тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп, дамуға берілген мүмкіндікті бағалауға шақырды.

«Мен осы бейбіт күн үшін соғыстым. Бейбіт өмірді бағалап, елімізде тыныштықты сақтауға және балаларымыз бен немерелеріміздің лайықты болашағын қамтамасыз етуге көмектесетін шешімдер қабылдаңыздар», – деді Василий Салазкин.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті