Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте ПД бастығы тыл ардагерінің үйіне барып, мерекемен құттықтады

Шымкентте ПД бастығы тыл ардагерінің үйіне барып, мерекемен құттықтады
Фото: Polisia.kz

Шымкентте ПД бастығы ҰОС тыл ардагерінің үйіне барып, мерекемен құттықтады, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы Нұрлан Алмасбеков ғасыр куәсі болған Ұлы отан соғысының тыл ардагері Нина Кашлакованың шаңырағына барды. Жас ұрпаққа өнеге, келер ұрпаққа ұмытылмас тарих, сұрапыл соғыстағы еңбегі тарихта жазылған апамыз бүгінде 94 жаста. Департамент бастығы ғасыр жасаған майдангердің деніне саулық, отбасына амандық, құт береке тілеп, сый-сияпатын табыстады.
— Бізге бейбіт өмір сыйлаған Ұлы Отан соғысының және тыл ардагерлерінің ерлігін бағалау – біздің парызымыз. Біз – ардагерлерімізді ардақтап, қарттарымызды қадірлейтін халықпыз. Ендігі парызымыз көзі тірісінде осы кісілерге барынша қамқорлық жасап, көмегімізді аямау. Сізге Ұлы Жеңіс пен бүгінгі бейбіт күндеріміз үшін алғыс айтамыз, — деді департамент бастығы Нұрлан Алмасбеков. 

Айта кетейік, бүгінде Шымкентте соғыс және тыл ардагерлері санаулы қалған. Соның бірі – Кашлакова Нина Витальевна. Нина әжей қала орталығындағы алақандай үйде немересінің қамқорлығында тұрып жатыр. ҰОС тыл ардагері құттықтап келген полицейлерге ризашылығын айтып, тіпті көзіне жас алды. 

— Елімізде тек бейбітшілік болсын. Енді соғыс деген зұлматты жастар көрмесін, — деді ардақты ардагер.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді