Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда 15 наурыз қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады

Алматыда 15 наурыз қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Республикалық референдумның өтуіне байланысты Алматының Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының өкілдері 2026 жылы 15 наурызда қоғамдық көлікте жол жүру тегін болатынын айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл шешім референдум өтетін күні қала тұрғындары мен қонақтарына жайлы жағдай жасау және азаматтардың қала ішінде кедергісіз қатынауын қамтамасыз ету мақсатында қабылданды.

Тегін жол жүру қалалық қоғамдық көліктің барлық бағытында – автобустарда, троллейбустарда және метрополитенде күні бойы қолданылады.

Жолаушылар жолақыны төлеу тәсіліне немесе пайдаланылатын электронды билет жүйесіне қарамастан қоғамдық көлікте ақысыз жүре алады.

Басқарма өкілдері қала тұрғындары мен қонақтарын сапарын алдын ала жоспарлауға және дауыс беру күні қала ішінде ыңғайлы қатынау үшін қоғамдық көлікті пайдалануға шақырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді