Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Қалқаман» метро бекеті: құрылыс барысы

«Қалқаман» метро бекеті: құрылыс барысы
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды «Қалқаман» метро бекетінің үстіндегі аумақты көркейтуге дайындық барысымен және тоннельдерде жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған аумақта тік жоспарлау жұмыстары жүргізіліп, кешенді абаттандыруға әзірлік басталды. Жоба аясында ағаштар мен мыңнан астам бұта егу арқылы көгалдандыру, жүргіншілерге арналған аймақтар салу, жарықтандыру жүйесін орнату, автотұрақ орындарын, автобус тұрағы мен аялдама кешендерін салу жоспарланған. Бекеттің ішінде әрлеу жұмыстары аяқталуға жақын.

Эскалаторлар мен жеделсатылар орнатылған, желдету, бейнебақылау және өртке қарсы қорғау жүйелерімен қоса, инженерлік жүйелерді монтаждау жұмыстары аяқталып келеді. Тоннельдердегі жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр: сол жақ аралық тоннель толық дайын, ал оң жақ тоннельде рельстерді түйіспесіз технология бойынша төсеу жұмыстары басталады. Құрылыс нысанында шамамен 400 маман еңбек етіп жатыр. Бұл жұмысты 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті