Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Учаскелік инспектор павлодарлық тұрғынды 6,5 млн теңге несие ресімдетпек болған алаяқтардан құтқарды

Учаскелік инспектор павлодарлық тұрғынды 6,5 млн теңге несие ресімдетпек болған алаяқтардан құтқарды
Фото: pixabay.com

Павлодар облысында 6,5 млн теңгелік алаяқтық несиенің жолы учаскелік полиция инспекторының жедел әрекетімен кесілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Павлодар облысы Қоскөл ауылының тұрғыны Константин Пэдуриге өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырған белгісіз тұлғалар қоңырау шалып, оның атына ипотекалық несие рәсімделгенін хабарлаған. Ұзақ уақыт бойы алаяқтар ер адамды бейнебайланыста ұстап, ешкімге жүгінбеуге және тек олардың нұсқауларын қатаң орындауға көндірген. Сондай-ақ олар оның телефоны бақылауда екенін айтып, қорқытқан.

Қауіптің бар екенін аңғарған Константиннің туыстары дереу учаскелік полиция инспекторына хабарласқан. Талғат Зайниденов өтінішке жедел ден қойып, алаяқтардың заңсыз әрекеттерінің жолын кесіп, заңсыз рәсімделген несиені уақытылы бұғаттауға ықпал етті.

Константин Пэдури учаскелік полиция инспекторы Талғат Зайниденовке көрсеткен кәсібилігі, мұқияттылығы және дер кезінде көрсеткен көмегі үшін шынайы алғысын білдіріп, оған зор денсаулық, амандық және қызметінде табыс тілейді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты