Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада футбол матчы кезінде конституциялық реформаларды қолдауға арналған ауқымды патриоттық акция өтті

Астанада футбол матчы кезінде конституциялық реформаларды қолдауға арналған ауқымды патриоттық акция өтті
Фото: Астана қ. әкімдігі

«Астана Арена» стадионында «Қайрат» пен «Тобыл» командалары арасындағы матч барысында конституциялық реформаларды қолдау мақсатында патриоттық акция өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Матч жанкүйерлердің басын қосып қана қоймай, ерекше спорттық оқиғамен қатар азаматтық белсенділік пен маңызды мемлекеттік бастамаларды қолдау алаңына айналды.

Акция қатысушылары бірлік пен патриотизмді, конституциялық құндылықтарға адалдықты білдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын салтанатты түрде жайып шықты.

Сондай-ақ конституциялық реформаларды қолдауға арналған тақырыптық перформанс өтті. Азаматтық ынтымақ пен елді жаңғырту бағытын қолдау мақсатында «Жаңа Конституция үшін» деген жазуы бар баннер көпшілікке ұсынылды.

Айта кетейік, елордада жаңа Конституцияның ережелерін түсіндіру аясындағы іс-шаралар кешені жалғасып жатыр.

Кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдеріне, еңбек ұжымдарына және қала тұрғындарына арналған кездесулер ұйымдастырылып, ақпараттық сағаттар, ашық диалогтар және қоғамдық талқылаудың өзге де форматтары өткізіліп жатыр.

Бұл бастамалар конституциялық реформалардың мәні мен маңызын халыққа жан-жақты түсіндіруге бағытталған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді