Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да полицейлер тұрғынның интернет-алаяқтарға аударған 18,6 млн теңгесін қайтарды

СҚО-да полицейлер тұрғынның интернет-алаяқтарға аударған 18,6 млн теңгесін қайтарды
Фото: polisia.kz

СҚО-да полицейлер тұрғынның интернет-алаяқтарға аударған 18,6 млн теңгесін қайтарды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткен жылдың желтоқсан айының соңында Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының 45 жастағы тұрғыны Instagram желісінен банктердің бірінің "тегін акциялар" арқылы табыс табу туралы жарнамасын көрген. Әйел сілтеме арқылы өтіп, байланыс нөмірін қалдырған. Telegram мессенджері арқылы оған "аналитик" хабарласып, валюта саудасына арналған арнайы қосымшаны жүктеуге көндірген. Алайда бұл қосымша жалған болып шыққан. Онда көрсетілген мәліметтер шынайы саудамен еш байланысы болмаған. Әйел бастапқыда 25 мың теңге салған. Көп ұзамай оған "алғашқы дивиденд" ретінде 11 мың теңге қайтарылған. Болашақтағы жоғары табысқа сенген жәбірленуші eGov порталындағы несие рәсімдеуге қойылған тыйымды алып тастап, банктерден қарыз алған, сондай-ақ туыстары мен таныстарынан ақша қарызға алған. Екі ай ішінде ол алаяқтарға жалпы сомасы 18,6 миллион теңге аударған. Тек ақпан айында жәбірленуші алданғанын түсініп, полицияға жүгінген.

Жедел іс-шаралар барысында полицейлер Қостанай қаласының 25 жастағы тұрғынын анықтады. Ол жәбірленушілердің қаражатын криптовалютаға айырбастап, алаяқтық схеманы ұйымдастырушыларға жіберді деген күдікке ілінген. Жас жігіт бұл әрекетті қосымша "жеңіл табыс" ретінде қарастырғанын айтқан. Полицейлер дропперлік қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін түсіндіргеннен кейін, күдікті келтірілген шығынды өтеу үшін қаражат тапқан. Оның анасы жәбірленушіге барлық соманы жеке өзі жеткізіп берген. Қазіргі уақытта Мағжан Жұмабаев ауданының полиция бөлімі қызметкерлері материалдарды процестік шешім қабылдау үшін аумақтық тиесілігі бойынша Қостанай қаласындағы әріптестеріне жолдауға дайындауда. Жыл басынан бері СҚО-да интернет-алаяқтықтың 200-ден астам дерегі тіркелді, оның 24-і "инвестиция" схемасына қатысты. Мұндай алаяқтық түрі әдетте ең ірі материалдық шығындарға әкеледі. Полицейлер интернеттегі "жеңіл табыс" туралы уәделерге сенбеуге шақырады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты