Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Талдықорғанда полицейлер тұрғынның 13 миллион теңгесін қайтарды

Талдықорғанда полицейлер тұрғынның 13 миллион теңгесін қайтарды
Фото: Polisia.kz

Талдықорғанда полицейлер тұрғынның 13 миллион теңгесін қайтарды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Талдықорған қаласының жергілікті тұрғыны әлеуметтік желілерді қарап отырып, Қазақстанға танымал компаниялардың бірінің бағалы қағаздарына инвестиция салу туралы тартымды жарнамаға кезіккен. Жарнама сенімді көрініп, күмән тудырмаған. Сілтеме арқылы өтіп, сайтқа тіркелгеннен кейін ер адаммен өзін компанияның "менеджерлері" ретінде таныстырған адамдар байланысқа шыққан. Психологиялық тәсілдерді пайдаланып, жоғары табыс уәде еткен алаяқтар жәбірленушіні ірі көлемде — 13 миллион теңге инвестициялауға көндірген. Алайда пайда түспеген.

Біраз уақыт өткен соң ғана ер адам мұқият ойластырылған алаяқтық сызбаның құрбаны болғанын түсінген. Уақыт созбай, жәбірленуші Талдықорған қаласының полиция басқармасына жүгінген. Тергеуге киберқылмыстарды тергеу жөніндегі тергеу бөлімінің қызметкерлері дереу кіріскен.

Жас тергеуші Азамат Жанатұлының басшылығымен қысқа мерзім ішінде ұрланған қаражатты алуға қатысы бар дропперлер анықталған. Полицияның үйлесімді әрі жедел жұмысының нәтижесінде ұрланған барлық ақшалай қаражат заңды иесіне толық көлемде қайтарылды. Полиция азаматтарды қырағы болуға, күмәнді инвестициялық ұсыныстарға сенбеуді және алдаудың алғашқы белгілері байқалған сәтте дереу құқық қорғау органдарына жүгіну керегін ескертеді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді