Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

“Қарулы шабуыл болады”: Петропавлда полицейлер жалған ақпарат таратқан жасөспірімді анықтады

“Қарулы шабуыл болады”: Петропавлда полицейлер жалған ақпарат таратқан жасөспірімді анықтады
Фото: polisia.kz

Петропавлда полицейлер қаладағы оқу орындарының біріне қарулы шабуыл жасалатыны жөнінде көрінеу жалған ақпарат таратқан жасөспірімнің жеке басын анықтады, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқушы Telegram-арна ашып, облыстық мамандандырылған мектеп-интернатқа шабуыл жасалады деген мазмұнда хабарлама жариялаған. Сонымен қатар қауіптің алдын алу үшін ақша аударуды талап еткен. Ақпаратты жариялағаннан кейін ол бұл хабарламаны аталған мектептің оқушыларына мессенджер арқылы таратып жіберген. Анықталғандай, кәмелетке толмаған жасөспірім 2024 жылға дейін осы білім беру мекемесінде оқыған. Өз әрекетін “әзілдегім келді” деп түсіндірген.

Қазіргі уақытта күдіктінің жеке басы анықталып, тиісті тергеу амалдары жүргізілуде. ІІМ өкілдері көрінеу жалған терроризм актісі туралы хабарлағаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді. Мұндай әрекеттер қоғамда дүрбелең туғызып, азаматтардың алаңдаушылығын арттырады және заң аясында ауыр салдарға әкеледі.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді