Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте шағын несие ұйымының қызметкері жалған қарақшылық шабуыл ұйымдастырған

Шымкентте шағын несие ұйымының қызметкері жалған қарақшылық шабуыл ұйымдастырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еңбекші ауданы Полиция басқармасының кезекші бөліміне шағын несие беру ұйымына шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы мен аудандық прокурорлар шықты.

Кассирдің айтуынша, сағат 18.30 шамасында мекемеге көзілдірік және медициналық бетпердедегі 30-35 жастағы орта бойлы ер адам кіріп, пышақпен қорқытып, 1 млн теңгеге жуық ақшаны алып, белгісіз бағытта бой тасалаған.

Сол күні шабуыл жайты бойынша тергеушілер ҚР ҚК-нің 192-бабымен (Қарақшылық) сотқа дейінгі тергеуді бастаған. Ал криминалдық полицияның жедел уәкілдері күдіктінің жеке басын анықтау бойынша барлық қажетті іс-шараларды жүргізді. Сыртқы қызметтердің жеке құрамын бағдарлап, жақын маңдағы дүкендердің сатушылары мен көп қабатты үйлердің тұрғындарынан сұрастырып, сипаттамасы бойынша фотороботты құрастырды. Күдіктінің белгілері бар бағдарлар көрші облыстарға да жіберілді.

Нәтижесінде бір тәулік ішінде полицейлер күдіктінің ізіне түсті. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Азамат үйінен ұсталып, тиісті Полиция басқармасына жеткізілді.

Сотқа дейінгі тергеу барысында тергеушілер ұрлықты жасыру мақсатында кассирдің қарақшылықты ұйымдастырғанын анықтады. Көмекке ол өз танысын тартқан.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 419-бабына (Көрінеу жалған сөз жеткізу) сәйкес тергеу жүргізілуде.

Шымкент қаласының полициясы азаматтарға қылмыс туралы жалған хабарлама үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді