Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жаңаөзенде өндірістік құбырларды ұрлау дерегі бойынша күдіктілер құрықталды

Жаңаөзенде өндірістік құбырларды ұрлау дерегі бойынша күдіктілер құрықталды
Фото: polisia.kz

Жаңаөзенде өндірістік құбырларды ұрлау дерегі бойынша күдіктілер құрықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ірі көлемде ұрлық фактісі бойынша тіркелген қылмыстық іс аясында Жаңаөзен қаласында қара металл ұрлау дерегі анықталды. 2026 жылғы 17 ақпанда Жаңаөзен қаласы полиция басқармасына арнайы ақпарат келіп түсті. №1 Мұнай және газ өндіру басқармасының аумағынан бұрын қолданылған диаметрі 720 мм өндірістік құбырлар шығарылып, қара металл қабылдау орнына өткізілген. 2026 жылғы 19 ақпанда Маңғыстау облысы прокуратурасының үйлестіруімен, су, әуе және теміржол көлігінде жасалатын қылмыстардың алдын-алу және анықтау мақсатында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері мен жедел әрекет ету арнайы жасақ қызметкерлері қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі.

Тексеру барысында анықталғандай, күдіктілер жалған құжаттарды пайдалана отырып, квазимемлекеттік секторға тиесілі диаметрі 720 мм өндірістік құбырларды ұрлап, оларды қара металл қабылдау орындарына өткізген. Қара металл қабылдау орнын тексеру кезінде жалпы саны 24 дана, диаметрі 720 мм құбыр табылып, заңды иесіне жауапкершілікпен сақтау үшін тапсырылды. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді