Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодар облысында қоғамдық орындарда ішімдік ішкен 700-дей азамат жауапкершілікке тартылды

Павлодар облысында қоғамдық орындарда ішімдік ішкен 700-дей азамат жауапкершілікке тартылды
Фото: polisia.kz

Павлодар облысында қоғамдық орындарда ішімдік ішкені үшін 700-дей азамат жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодарлықтар тұрғын үйлердің кіреберістерінде спирттік ішімдік ішетін азаматтарға жиі шағымданады.

– Мәселен, Назарбаев көшесіндегі үйлердің бірінің тұрғындары полицияға хабарласып, кіреберіс қабаттарының арасында ер адамның жалғыз өзі спирттік ішімдік ішіп отырғанын айтқан. Осындай шақырту Гагарин көшесіндегі үйден де түсті, онда 8-қабатта қолында ішімдігі бар мас ер адам отырған. Тұрғындардың ескертулеріне құлақ аспаған. Екеуі де ішімдік ішумен қатар, темекі шеккен. Таңертең тұрғындар темекі тұқылдары мен бос бөтелкелерге шашылып жататынын жеткізді. Сонымен қатар, патрульдеу барысында Московская көшесіндегі аялдама павильонында қатты мас күйдегі ер адам анықталды. Мас күйінде болған барлық азаматтар Павлодар қаласының уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізілді. Олар заң аясында жауапқа тартылады, – деді Павлодар облысының ПД өкілдері. 

Бүгінгі таңда қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішкені үшін Павлодар облысының 642 тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция қызметкерлері қала тұрғындарына ескертеді: егер көшеде немесе тұрғын үйлердің кіреберістерінде осындай азаматтарды көрсеңіздер, бірден "102" нөміріне немесе учаскелік полиция инспекторына хабарласыңыздар. Полиция қызметкерлері міндетті түрде барып, тиісті шара қолданады. Егер адамға медициналық көмек қажет болса, "103" нөмірі арқылы жедел жәрдем шақыру керек. "Заң және тәртіп" қағидатын басшылыққа ала отырып, полиция қоғамдық орында мас күйде жүру — әдеп нормаларын өрескел бұзу екенін еске салады және қоғамдық тәртіпті бұзбауға шақырады. Құқық бұзушылар өз әрекеттері үшін міндетті түрде жауап береді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді