Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда түнгі клубтың аспазы есірткі таратты деген күдікке ілінді

Алматыда түнгі клубтың аспазы есірткі таратты деген күдікке ілінді
Фото: polisia.kz

Алматыда полиция қызметкерлері тұрғындардың жаппай демалыс орындарында психотроптық заттардың заңсыз айналымының жолын кесу мақсатында арнайы операция жүргізді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел іс-шаралар нәтижесінде қаланың ойын-сауық орындарының бірінде ас үй қызметкері есірткі заттарын таратты деген күдікпен жұмыс орнында ұсталды. Санкцияланған жеке тінту барысында күдіктіден ұнтақ тәрізді заттар мен өзіне тән иісі бар өсімдік тектес масса тәркіленді. Аталған заттар психотроптық және есірткі құралдары болуы мүмкін деген болжаммен сараптамаға жолданды. Күдікті ұсталғаннан кейін полиция қызметкерлері оның тұрғылықты мекенжайы бойынша қосымша тінту шараларын жүргізді.

- Біз есірткі қылмыстарын анықтау және жолын кесу бағытында, әсіресе адамдар көп жиналатын демалыс орындарында қатаң әрі жүйелі шаралар қабылдап келеміз. Негізгі мақсат — есірткінің таралуына жол бермеу және мегаполис тұрғындарын, ең алдымен жастарды қорғау, — деп мәлімдеді Алматы қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Полиция есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар арналар мен тұлғаларды анықтау бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып жатыр.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді