Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Аида Балаева Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік саласын дамыту мәселелері бойынша кездесу өткізді

Аида Балаева Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік саласын дамыту мәселелері бойынша кездесу өткізді
Фото: primeminister.kz

Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік саласын дамыту мәселелері бойынша кездесу өтті. Жиынға салалық министрліктердің басшылары мен өкілдері, сондай-ақ облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Отырыс барысында өңірдің денсаулық сақтау саласында халық денсаулығының жекелеген көрсеткіштері бойынша оң өзгерістер байқалғаны атап өтілді. Шығыс Қазақстан облысы – 2025 жылы ана өлімі тіркелмеген санаулы өңірлердің бірі. Сонымен бірге медицина мамандары тапшылығына байланысты жүйелі мәселелердің бар екені және бір жастағы балаларды вакцинациялау көрсеткіші бойынша өңірде белгіленген меже орындалмағаны айтылды.

Облыста ғылымды дамыту мәселесіне де ерекше назар аударылды. Бұл сала бойынша нақты нәтижелер бар. Атап айтқанда, 664 ғылыми жұмыс жарияланып, 67 әзірлеме өндіріске енгізілген. Өңірде өңдеу өнеркәсібіне арналған кобальтсыз қатты қорытпалар әзірленуде, сондай-ақ травматология мен ортопедияда қолданылып жатқан 20-дан астам медициналық имплантат түрі жасалады.

Сонымен қатар облыста орта білім беру сапасын арттыру бағытындағы жұмысты күшейту қажеттігі атап өтілді. Өңірде қосымша назар аударуды талап ететін негізгі бағыттар айқындалды. Мәселен, оқушылардың оқу сауаттылығын, математика және жаратылыстану-ғылыми бағыт бойынша сауаттылығын жүйелі түрде дамыту жұмыстарын күшейту қажеттігі көрсетілді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі желісі бойынша өңірде жұмыссыздар саны, оның ішінде жастар арасындағы жұмыссыздықтың артқаны байқалады. Ведомство деректеріне сәйкес, өндірістік жарақаттану мәселелеріне де айрықша өзекті.

Өңірде туристік инфрақұрылымды, навигация мен саланы ақпараттық қолдауды, сондай-ақ инклюзивті спортты дамыту қосымша назар аударуды қажет етеді.

Жиын қорытындысы бойынша Аида Балаева әлеуметтік салада көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту және ведомствоаралық өзара іс-қимылды жолға қою жөнінде тиісті тапсырмалар берді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті