Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада дәстүрлі «Бұрқасын-2026» қысқы фестивалі өтеді

Астанада дәстүрлі «Бұрқасын-2026» қысқы фестивалі өтеді
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанада биыл 25 жылдығын атап өтетін дәстүрлі «Бұрқасын-2026» қысқы фестивалі ұйымдастырылады. Іс-шара 14 ақпанда Есіл өзенінің жағалауындағы Орталық саябақтағы Кенесары хан ескерткішінің маңында өтеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Фестиваль белсенді демалысқа, спорттық жарыстар мен ерекше эмоцияларға толы үлкен алаңға айналмақ. Іс-шараның басты мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, қысқы спорт түрлерін насихаттау және салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтардың басын қосу.

Бағдарлама аясында спорттың 13 түрі бойынша жарыстар ұйымдастырылады. Атап айтқанда: шаңғы жарысы, гір спорты, қол күрестіру, пимамен хоккей, белбеу күресі, мотокросс, автоспорт, арқан тарту, қысқы шағын футбол, қар лақтыру сайысы, қысқы волейбол, мас-рестлинг және көңілді тюбинг жарыстары.

Фестивальге қатысушылар өз мүмкіндіктерін байқап, бағалы сыйлықтар үшін бақ сынай алады. Қатысушыларды тіркеу 08:30-10:00 аралығында жүргізіледі, жарыстар сағат 10:00-де басталады. Қатысу – тегін.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді