Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада шаңғыдан ауқымды жарыс өтті

Астанада шаңғыдан ауқымды жарыс өтті
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астананың Орталық саябағындағы шаңғы-роллер трассасында шаңғыдан ауқымды жарыс өтіп жатыр. Іс-шара қысқы спорт түрлерін насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жас ерекшеліктеріне қарай 8 жас санаты бойынша 500-ден аса шаңғышы жарыс жолына шықты. Қысқы спорттық мерекені тамашалауға қала тұрғындары мен қонақтары отбасы мүшелерімен, достарымен бірге келді.

Шаңғы жарысына да отбасымен бірге қатысқандар болды. Олардың бірі – әкелі-балалы Ержан Тұрсынбекұлы мен Тұрсынбек Ермұхамет.

«Біз отбасымызбен бірге қысқы шаңғы спортымен тұрақты түрде айналысамыз. 

Қазіргі жарысқа балам қатысып жатыр. Одан кейінгі ересектер арасындағы жарысқа өзім қатысамын. Бүгінгі көңіл күйіміз өте жақсы. Бұқаралық спортты дамытуға арналған осындай шаңғы жарысы Астанада жыл сайын өткізіледі. Қала әкімдігіне, ұйымдастырушыларға алғысымыз зор. Бұл жарысқа біз былтырдан бері қатысып келеміз. Биыл екінші рет бақ сынап отырмыз. Мен 40-49 жастағылар арасындағы жарысқа қатысамын», – деді жарысқа қатысушы қала тұрғыны Ержан Тұрсынбекұлы.

 Ал оның 13 жастағы ұлы Ермұхамет шаңғы жарысынан алғаш рет жүлдегер атанды.

«Спорттық жарыстарға қатысқанды ұнатамын. Алдағы жарыстардан да қалмауға тырысамын. Шаңғыдан алғаш рет жетістікке жетіп, керемет сезімге бөленіп тұрмын. Көңіл күйім тамаша», - деді №64 мектептің оқушысы Ермұхамет Тұрсынбек.

Қысқы мерекелік іс-шара аясында спорттың 5 түрі бойынша жарыстар ұйымдастырылды. 75 келіге дейін және 75 келіден жоғары салмақ дәрежелері бойынша спортшылар армрестлингтен бақ сынады. 8 кг және 16 кг гірді көтеруден сайысқа түсті.

Сонымен қатар 75 келіге дейін және 75 келіден жоғары салмақ дәрежелері бойынша спортшылар белбеу күресінен мықтыны анықтады. Сондай-ақ барлық қатысушылар арқан тартудан өзара күш сынасты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті