Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкімет Қазақстанда 400-ден астам жаңа дәрі-дәрмек өндіру туралы келісімді мақұлдады

Үкімет Қазақстанда 400-ден астам жаңа дәрі-дәрмек өндіру туралы келісімді мақұлдады
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов өткізген ҚР Президенті жанындағыШетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова азаматтардың дәрі-дәрмекке қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, ұзақмерзімді демографиялық болжамдары мен еліміздің 10-15 жыл ішіндегі дәрілік заттарға қажеттілігін ескере отырып, инвестициялар тарту тетіктерін жетілдіру бойынша инвесторлармен бірлесіп жұмыс жүргізілді. Нәтижесінде жаңа құрал – салықтық және кедендік жеңілдіктерді, инфрақұрылымдық қолдауды ғана емес, сонымен қатар өнімді өткізудің ұзақмерзімді кепілдіктерін көздейтін инвестициялар туралы келісімдер енгізілді.
Бүгінде Үкімет отырысында жалпы құны $620 млн немесе 316 млрд теңгені құрайтын 6 инвестициялық жоба мақұлданды. Бұл, ең алдымен, жалпы Қазақстанның дәрімен қамту ісіндегі дербестігі мәселесі. Алдағы 2-4 жылда елімізде 400-ден астам жаңа дәрілік заттар өндіріледі, — деді Ақмарал Әлназарова.

Соңғы екі жылда фармацевтика саласына тартылған инвестиция көлемі екі есеге – $47 млн-нан $87 млн-ға дейін артқаны атап өтілді. Жаңа жобалар шеңберінде 1 мыңнан астам жұмыс орнын ашу көзделген. Жалпы, фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде одан әрі жұмыс жүргізіледі. Елімізде фармацевтика саласы үшін мамандар даярлаудың толық жүйесі жұмыс істейді, оның ішінде мемлекеттік қолдау, дуальды білім беруді дамытуға баса назар аударылады. Сондай-ақ 1 қаңтардан бастап ТМККК және МӘМС шеңберінде дәрі-дәрмектер мен медициналық қызметтерді импорттау және өткізу ҚҚС-тан босатылды. Жалған препараттардың айналымына бақылау мен жауапкершілікті күшейту бойынша түзетулер дайындалды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті