Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбыл облысында аса ірі көлемдегі есірткі таратқан күдікті ұсталды

Жамбыл облысында аса ірі көлемдегі есірткі таратқан күдікті ұсталды
Фото: polisia.kz

Жамбыл облысында аса ірі көлемдегі есірткі таратқан күдікті ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.   

Таразда полиция қызметкерлері 39 жастағы есірткі таратушы әйелдің қылмыстық әрекетін әшкереледі. Күдікті интернет-мессенджерлер арқылы кураторлардың нұсқауымен әрекет етіп, Тараз қаласының шағын аудандарында синтетикалық есірткі заттарын жасырын орындарға қалдырумен айналысқан. Тергеу барысында күдікті бастапқыда ақшалай сыйақыны шотына аударып отырғанын, кейін қолма-қол ақшаға айналдырылғанын түсіндірді. Алайда кейінірек ол ақшалай төлемнен өз еркімен бас тартып, сыйақыны психоактивті заттар түрінде ала бастаған.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында жеке тінту кезінде ұнтақ тәрізді зат салынған 80 орам табылды. Сонымен қатар тұрғын үйінен осыған ұқсас зат салынған қосымша орамдар тәркіленді. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, тәркіленген альфа-PVP затының жалпы салмағы 24,93 грамды құрады. Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау және сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, қажетті тергеу әрекеттері жүріп жатыр.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді