Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкіметте көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі Кешенді жоспардың жобасы қаралды

Үкіметте көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі Кешенді жоспардың жобасы қаралды
Фото: primeminister.kz

Үкіметте вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен 2026-2028 жылдарға арналған көлеңкелі экономикаға қарсы кешенді іс-қимыл жоспарының жобасы қаралды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Құжат көлеңкеге ығысу қаупі жоғары денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер, сауда, білім беру, құрылыс және ауыл шаруашылығы сияқты бес негізгі саланы қамтиды. Одан да өзге салалар көп. Ол экономикада жаңадан «сұр тауашалар» анықталған жағдайда түзетілуі мүмкін. Бұл ретте жоспарды әзірлеу кезінде бизнес үшін жаңа міндеттер енгізу немесе реттеуді қатаңдату шаралары алынып тасталды.

Болжамды көрсеткіштерге сәйкес, «ЖІӨ-дегі бақыланбайтын экономиканың үлесі» нысаналы индикаторын 2026 жылы 14,5%-ға, 2027 жылы 14%-ға, 2028 жылы 13,8%-ға төмендету жоспарлануда.

Кешенді жоспар төрт негізгі блоктан және 30 іс-шарадан тұрады. Олар:

- тауар өндірісі;

- қызметтер өндірісі;

- фискалдық әкімшілендіруді жетілдіру;

- заңсыз әрекетке қарсы тұру.

Сауда саласындағы «сұр» импорт көлемін азайтуға ерекше назар аударылуда. Өйткені, одан нарыққа адал жолмен қатысатындар зардап шегуде. Сауда және интеграция министрлігіне бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп, «сұр» жолмен көптеп әкелінетін тауарлар номенклатурасын айқындау, Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп, өркениетті нарықты қорғау шараларын әзірлеу тапсырылды.

Жоспарды жүзеге асыруда цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект құралдары маңызды рөлге ие болады. Іс-шаралардың орындалуын бақылау мен мониторинг жасау нақты әсерді бағалай отырып, Smart Data Finance АЖ-ның цифрлық платформасы арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Барлық ағымдағы шараларды жүзеге асыру тиісті салалардағы салық түсімінің өсуін қосқанда, цифрландыруға, ЖИ-модельдерге, өлшенетін KPI-ға баса назар аудара отырып, бірлескен жол карталары мен жұмыс топтары шеңберінде жүргізіледі.

Кешенді жоспардың жобасы мақұлданды. Белгіленген рәсімдер жасалғаннан кейін Үкімет оны одан әрі жүзеге асыру үшін қабылдайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті