Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда зейнетақы қаражатын пайдалану қағидалары өзгерді

Қазақстанда зейнетақы қаражатын пайдалану қағидалары өзгерді
Фото: pixabay.com

Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізді, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Құжатқа сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап арнайы шот ашылғаннан кейін өтініш беруші біржолғы зейнетақы төлемін пайдалану туралы электрон өтінішті толтыруы тиіс. Өтініште арнайы шоттың нөмірі, қаражатты пайдалану мақсаты және қолжетімді сома көрсетілуі қажет. Құжат өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.

Бұған дейін өтініште жеке табыс салығын ұстау және аудару тәсілдері де көрсетілген. Қағидалардың жаңа редакциясында бұл талап алып тасталған.

Қазақстан аумағында тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану келесі мақсаттарға рұқсат етіледі:

  • тұрғын үй сатып алуға арналған ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша берешекті, соның ішінде бір банк қарызы шарты аясында жөндеу жүргізу үшін алынған қарызды ішінара немесе толық өтеу;
  • жеке тұрғын үй салу, оның ішінде мақсатты тағайындалуы жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық болып табылатын жер учаскесін сатып алу;
  • тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша алынған қарыздарды өтеу.

Сонымен қатар, біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен толықтырылған тұрғын үй құрылыс жинақтары бойынша салым шартына құқықтарды жұбайына және (немесе) жақын туыстарына беру мүмкіндігі қарастырылған. Бұл ретте мұндай шарттарды үшінші тұлғаларға қайта беруіне жол берілмейді.

Сондай-ақ Тұрғын үй құрылысы жинақ банкі арқылы біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану тәртібі өзгертілген.

Құжатта белгіленген мерзімде растайтын құжаттар ұсынылмаған жағдайда, біржолғы зейнетақы төлемдерінің қаражаты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтарылатыны нақты көрсетілген.

Бұйрық 2026 жылғы 31 қаңтардан бастап күшіне енеді, ал 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілген нормалар бұған кірмейді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті