Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Маңғыстау облысында полицейлер көлікті заңсыз айдап әкетудің алдын алуда

Маңғыстау облысында полицейлер көлікті заңсыз айдап әкетудің алдын алуда
Фото: polisia.kz

Маңғыстау облысында полицейлер көлікті заңсыз айдап әкетудің алдын алуда, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

20-21 қаңтар аралығында Маңғыстау облысы көлемінде "Айдап әкетуді тоқтату" жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Бұл шараның негізгі мақсаты – көлікті айдап әкетудің және ұрлаудың алдын алу, сондай-ақ, осы қылмыстарға қатысы бар күдікті тұлғаларды анықтап, ұстап, тиісті шараларды қабылдау. Көлікті айдап әкету және ұрлау көбінесе автокөліктерге бақылаудың әлсіреуі немесе тұрғындардың сақтық шараларын сақтамауы салдарынан орын алады.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін келесі ережелерді сақтау қажет. Қысқа уақытқа шыққанда да есік, терезе және жүк салғышты міндетті түрде жабу керек. Сенімді дабыл жүйесін орнату абзал. Көлікті жарық жерге, адамдар көп жүретін орынға немесе күзетілетін тұраққа қойыңыз. Сөмке, ұялы телефон және басқа да құнды заттарды көлік салоны ішінде көзге көрінетін жерде қалдырмаңыз. Полиция қабылдап жатқан шаралардың басты мақсаты – өңірдегі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қылмыс деңгейін төмендету. Бұл бағыттағы жұмыстың негізгі қағидаты – "Заң мен тәртіп", яғни қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған билік пен халықтың бірлескен жауапкершілігі. Полиция егер күмәнді жағдай байқалса немесе ақпарат қажет болса, дереу "102" нөміріне хабарласып, оқиға туралы мәлімет беру керегін ескертеді. Құқық бұзушылықтың алдын алу – полиция мен тұрғындардың ортақ әрекетінің нәтижесі.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті