Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жаркенттегі жантүршігерлік жайттың егжей-тегжейі белгілі болды

Жаркенттегі жантүршігерлік жайттың егжей-тегжейі белгілі болды
Фото: бейнескриншот tengrinews.kz

Жетісу облысында кішкентай баланы сабаған әйелге 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін. Оқиға Панфилов ауданына қарасты Нұркент ауылындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде тараған видеода шамамен 3–4 жастағы баланың аяусыз соққыға жығылғаны көрінеді. Әйел баланы теуіп, қолынан тартып, бұрап, басы мен арқасынан ұрған.

Аудандық әкімдік мәліметінше, бұл елді мекен Қорғас шекара маңында орналасқан, ал оқиға болған үй әлеуметтік осал топтарға арналып бюджет қаражатына салынған. Баланы ұрған әйел сол үйге қонаққа барғаны белгілі болды. Ал видеоны үй иесінің құрбысы түсірген.

Бұл жазба желіде таралып, қоғамда үлкен резонанс тудырды.

Қазіргі уақытта баланың анасы уақытша ұстау изоляторына қамалған.

"Балаларға қатысты айтар болсақ, олар Жаркенттегі "Жанұя" отбасын қолдау орталығына орналастырылды. Балалардың жағдайы қалыпты. Әлеуметтік желілерде тараған видеоны үй иесінің телефонына қонаққа келген құрбысы түсіріп алған. Үй иесі Т. дүкенге кеткен кезде телефонын үйде қалдырған. Сол уақытта құрбысы әйелдің өз баласын ұрып жатқан сәтін видеоға түсіріп алған", – деді Панфилов аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі жетекшісі Нұрбол Ханағат.

Әйелге Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша айып тағылып отыр. Бұл бап бойынша 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Сонымен қатар, оған қатысты ата-ана құқығынан айыру мәселесі қарастырылып жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді