Әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде Астана тұрғынының баланы құтқарып қалған оқиғасы жарияланды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, Виктор Балбачанның отбасы Ақтауға демалуға келген. Жаяу серуендеу кезінде олар пирстен теңізге құлап кеткен кішкентай баланы көреді.«Олар пирспен жүріп келе жатқанда, байқаусызда апаттың куәгері болды, содан кейін Виктордың өзі баланы құтқаруға асықты. Оқиға былай болды: Пирсте көп балалы отбасы суретке түсіп жатқанда, кішкентай бала пирстен теңізге құлап кетті. Бүкіл отбасы дүрбелең қағып, бірақ баланың артынан ешкім секіруге батылы бармады. Бірақ Виктор жүрегіне жасалған 2 операцияны ұмытып, ойланбастан сәбиді аман алып қалу үшін секірді. Виктордың анасы, біздің әрқайсымыз сияқты, ұлы үшін қатты алаңдайды, ол “операциядан шыққан балам басқа біреуді құтқарып жатқанда, мен баламды жоғалтып алуым мүмкін еді ғой» дейді.