Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында жұмыспен қамту саясаты нәтижесін берді

Алматы облысында жұмыспен қамту саясаты нәтижесін берді
Фото: gov.kz

2025 жылы Алматы облысында халықты жұмыспен қамтуды кеңейту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілді. Өңірдің Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жанындағы Алматы облысының Еңбек ұтқырлығы орталығы жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруда елеулі нәтижелерге қол жеткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресми деректерге сәйкес, жыл басынан бері өңірде 72 541 жұмыс орны құрылды. Оның ішінде 58 528-і — тұрақты, 14 013-і — уақытша жұмыс орындары. Сонымен қатар, ұлттық жобалар аясында 3 363 жұмыс орны ашылды.

Жұмыссыз азаматтарды нақты еңбек нарығына тартуға да ерекше көңіл бөлінді. 2025 жылы тұрақты бос жұмыс орындарына 22 099 адам орналастырылды. Бұл көрсеткіш өңірдегі жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне айтарлықтай әсер етті.

Сондай-ақ, жұмыспен қамтуды субсидиялау бағдарламалары арқылы мыңдаған азамат жұмысқа орналасты. Атап айтқанда, бір жыл ішінде осы бағыттағы жобаларға 12 256 жұмыссыз азамат тартылды. Оның ішінде 544 адам әлеуметтік кәсіпорындарға, 918-і жастар практикасына, 7 686-сы қоғамдық-пайдалы жұмыстарға, 570-і «Алғашқы жұмыс орны» жобасына, 1 517-сі «Күміс жас» бағдарламасына және 38 адам «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына жолданды.

Еңбек нарығы талаптарына бейімдеу және кадр даярлау мақсатында қысқа мерзімді оқыту бағдарламалары да жүзеге асырылды. Оқу 6 колледжде және 10 оқу орталығында өткізіліп, 707 жұмыссыз азаматты қамтыды. Оқуды аяқтаған 527 адам өз мамандығы бойынша тұрақты жұмысқа орналасты.

Кәсіпкерлікті қолдаудың маңызды тетіктерінің бірі — қайтарымсыз мемлекеттік гранттар. 2025 жылы жаңа кәсіпорындарды құру және дамыту үшін 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 260 мемлекеттік грант берілді. Бұл қаржыландыру азаматтарға өз ісін бастап, тұрақты табыс көзіне қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Жалпы, атқарылған жұмыстар Алматы облысында жұмыспен қамту саясатының жүйелі түрде іске асырылып жатқанын және еңбек нарығының тұрақтануына ықпал етіп отырғанын көрсетеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті