Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Премьер-министр Алматы облысындағы бірқатар кәсіпорынды аралады және тартылған инвестициялардың көлемімен танысты

Премьер-министр Алматы облысындағы бірқатар кәсіпорынды аралады және тартылған инвестициялардың көлемімен танысты
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы облысына жұмыс сапары барысында Президент белгілеген экономиканы әртараптандыру, өнеркәсіп өндірісі көлемін ұлғайту, терең өңдеу үлесін арттыру және экономиканың басым салаларына инвестициялар тарту жөніндегі мақсаттарға сай келетін бірқатар инвестициялық және өнеркәсіптік жобаның жүзеге асырылу барысымен танысты,деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев 2025 жылдың қорытындысы бойынша өңірге 1,3 трлн теңге инвестиция тартылғанын, бір жылдағы өсім 29,4% болғанын баяндады. Экономиканың барлық салаларында 72 541 жұмыс орны құрылған, оның ішінде 58 528-і тұрақты жұмыс орны. Алматы облысы еліміздің негізгі индустриялық-логистикалық орталықтарының бірі ретінде өз ұстанымын дәйекті түрде нығайтып келеді. Мұнда көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту өңірдің өңдеуші секторының өсуін ынталандыруда маңызды рөл атқарады.

Сапар аясында Премьер-министр Қарасай ауданының Көкөзек ауылында орналасқан, шикізаттық емес секторды дамытумен айналысатын «Imagine Apple Logistics» ЖШС-нің логистикалық орталығын аралады. Жоба қойма, көлік және басқару процестерін біріктіруге, дистрибуциялық ағындарды шоғырландыруға, сондай-ақ, ішкі және аймақаралық нарықтар үшін тұрақты жеткізу тізбегін қалыптастыруға бағытталған. Оның аясында 50 млрд теңгеден астам инвестиция тарту және 1 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашу, сондай-ақ іргелес жол және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту қарастырылып отыр. Танысып шыққан соң Олжас Бектенов аталған логистикалық орталықты кеңейтуге және дамытуға жәрдемдесуді тапсырды. Өңірде логистикалық жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде соңғы үш жылда қойма үй-жайларының жиынтық ауданы 17,5 есеге, яғни, 8,8 мың шаршы метрден 153,9 мың шаршы метрге дейін ұлғайды.

Сондай-ақ, Үкімет басшысы Алматы облысында салынған, инвестиция көлемі 74 млрд теңге болатын  KT&G компаниясының заманауи зауытының жұмысымен танысты. Өндірістің экспортқа бағдарлануына және Еуропа мен ТМД елдерінің нарықтарына шығу жоспарларына ерекше назар аударылды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша кәсіпорын жергілікті бюджетке түсетін салық түсімдерінің шамамен 4%-ын қамтамасыз етті, бұл оның облыс бюджетінің кіріс бөлігін қалыптастырудағы елеулі үлесін көрсетеді.

Өңірдің негізгі кәсіпорындарының қатарында тамақ өнімдерін өндіру бойынша жүйе құраушы болып саналатын «Маревен Фуд Тянь-Шань» компаниясы бар. Кәсіпорынның қазіргі таңдағы қуаттылығы жылына 160 мың тонна дайын өнімді құрайды, экспорт көлемі – 20 мың тоннадан асады. 2015 жылдан бастап өндіріске 35 млрд теңге инвестицияланды, 700-ге жуық жұмыс орны ашылды, қызметкерлердің 95%-ы – жергілікті тұрғындар. 2026 жылы компания жаңа өндірістік желіге қосымша 4,5 млрд теңге салуды жоспарлап отыр. Бұл өндірістік қуатты 170 мың тоннаға дейін, ал қызметкерлер санын 780 адамға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Ал жалпы 2030 жылға дейін «Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС өндірісті кеңейтуге тағы 21 млрд теңге инвестиция салуға ниетті. Нәтижесінде 1 мыңға дейін жұмыс орнын ашу жоспарлануда, бұл жергілікті экономиканың дамуына және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға ықпал ететін болады.

Сапар барысында агроөңдеуді дамытуға көңіл бөлінді. Премьер-министр «Қапшағай бидай өнімдері» зауытының базасында агроөнеркәсіптік кластердің қызметімен танысты, онда жаңғырту нәтижесінде ұн, өсімдік майы және мал азығын өндіру бойынша 1 млн тоннадан астам қуаттылық қалыптасты. Инвестиция көлемі 12 млрд теңгені құрады. Кәсіпорын тек жергілікті шикізат базасын пайдаланады және экспортқа бағдарланған: бір жарым айда шамамен 110 мың тонна өнім өндірілді, оның 98%-ы ҚХР нарығына, өнімдер ҚХР нарығына, Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне жеткізілді, өткен жылы алғаш рет қазақстандық астықты Вьетнамға жөнелту жүзеге асырылды. Ендігі жоспар – өндірістік қуатты екі есеге арттыру.

Жобаны жүзеге асыру Алматы облысының экспорттық әлеуетін дамытуға елеулі үлес қосып, астық экспортының көлемін 10%-дан астам ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Кәсіпорындарды аралау қорытындысында Премьер-министр қайта өңдеу өндірістерін, логистиканы және қосылған құны жоғары өнім экспортын дамытудың басымдығын атап өтті, сондай-ақ салалық мемлекеттік органдар мен облыс әкімдігіне тұрақты жұмыс істеу және кәсіпорындарды одан әрі кеңейту үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуді тапсырды.

Жалпы алғанда, экспортқа бағдарланған кәсіпорындардың өндірістік қуаттарын дамыту және арттыру өңдеу өнеркәсібінің экспортын ұлғайтуға ықпал етеді, тек 2025 жылдың 8 айында оның көлемі $618,5 млн-ды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28,5%-ға артық,  осылайша экспорттың жалпы көлеміндегі өңделген тауарлардың үлесі шамамен 90%-ға жетіп отыр.

«Біздің мақсатымыз – қосылған құны жоғары өнім шығару. Сондықтан кәсіпорындарға өсуі үшін тұрақты және болжамды жағдайларды қамтамасыз ете отырып, қайта өңдеуді, логистиканы және экспортты дәйекті түрде дамыту маңызды», — деп атап өтті Олжас Бектенов.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті