Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодар облысының полицейлері жыл басынан бері 115 жоғалған адамды тапты

Павлодар облысының полицейлері жыл басынан бері 115 жоғалған адамды тапты
Фото: polisia.kz

Павлодар облысының полицейлері жыл басынан бері 115 жоғалған адамды тапты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

2024 жылдың төрт айында Павлодар облысының полициясына азаматтардың хабар-ошарсыз кеткені туралы 118 өтініш келіп түсті, оның ішінде жедел уәкілдердің күшімен 115 азаматтың орналасқан жері анықталды.

– Адамдардың белгісіз жоғалуының басты себебі – алкогольге тәуелділік. Басқа себептердің қатарында – отбасындағы шиеленісті қарым-қатынастар, ал кейде –адамдар өз жоспарлары туралы ешкімді хабардар етпей кетіп қалу, – дейді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция бастығының орынбасары Аршат Жамиев.

Мысалы анасы үйден кетіп, туыстарымен байланысқа шықпаған қызын іздестіру туралы полицияға жүгінді. Сол күні жедел уәкілдер жоғалған адамның орналасқан жерін анықтауға бағытталған қажетті жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін ұйымдастырды.

11 мамырда қабылданған шаралармен Жаңауыл кентіндегі шаруа қожалықтарының бірінде 36 жастағы қыз табылды. Полиция оның көрші ауылға кетіп, жұмысқа орналасқанын анықтады. Ол туыстарымен байланысқа шықпаған, өйткені қыз олармен араласқысы келмеген және ата-анасынан бөлек тұрғысы келген.

Полицейлер азаматтардың хабар-ошарсыз жоғалып кетуінің әрбір фактісі бойынша оларды іздеуге полиция қызметкерлерінің, берілген күштердің, жұртшылық пен еріктілердің барынша көп саны жұмылдырылатынын тағы да еске салады.

Жоғалған азаматтарды іздеудің басты факторы – полицияға уақтылы жүгіну. Сондай-ақ жоғалған уақыт, орын, адамның жоғалып кетуіне дейінгі себептер туралы полиция қызметкерлерінен ештеңе жасырмай толық ақпарат беру, өйткені мұндай жағдайларда кез-келген ұсақ-түйек өзгеріс енгізуі мүмкін.

– Біз туыстарымыз бен жақындарымыздың сезімдерін елемеуге, олардың жүрген жерлері туралы хабарлауға, олармен байланыста болуға кеңес береміз – деп атап өтті А.Жамиев.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады
Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті
Мемлекет басшысы Қазақстан-Сингапур бизнес форумында сөз сөйледі
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады