Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Атырау облысында ерлі-зайыптыны өлтірді деген күдікпен отбасының күйеу баласы іздеуге жарияланды

Атырау облысында ерлі-зайыптыны өлтірді деген күдікпен отбасының күйеу баласы іздеуге жарияланды
Фото: pixabay.com

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында Атырау облысында ерлі-зайыпты жұпты өлтірді деген күдікке ілінген, отбасының күйеу баласы Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты іздеу хабарламасы жарияланды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәліметтерге сәйкес, 29 жастағы Сұлтан Сәрсемәлиев 2026 жылғы 8 қаңтарда іздеуге жарияланған. Іздестіру ісін Атырау облыстық полиция департаменті жүргізіп жатыр.

Өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, Сәрсемәлиев аталған отбасының күйеу баласы болып келеді.

Еске салайық, төрт адамнан тұратын отбасы 2025 жылдың күзінде хабар-ошарсыз кеткен. Туыстары олардың жоғалғаны жөнінде полицияға тек желтоқсан айында ғана арызданған. 2026 жылғы 6 қаңтарда жоғалып кеткен ерлі-зайыптылардың мәйіттері табылды. Ал олардың балаларына қатысты іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл іске өзге де адамдардың қатысы бар-жоғы тексеріліп жатқанын нақтылады.

Сонымен қатар құқық қорғау органдары азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге және жалған немесе тексерілмеген мәліметтерді таратудан бас тартуға шақырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады