Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ: Шымкентте мұнай өнімдерін ұрлау схемасы әшкереленді

ІІМ: Шымкентте мұнай өнімдерін ұрлау схемасы әшкереленді
Фото: бейнескриншот polisia.kz

Ішкі істер министрлігі Шымкентте мұнай өңдеу зауытының аумағынан мұнай өнімдерін ұрлау схемасын анықтап, жолын кесті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

7 қаңтарда Шымкент қаласының полиция департаменті жедел іс-шаралар нәтижесінде жанар-жағармай материалдарын заңсыз шығару арнасын ұйымдастырған адамдар тобын ұстады. Қылмыстық схемаға мұнай өңдеу зауытымен байланысты кәсіпорындардың бірінің қызметкерлері тартылып, олар мегаполис тұрғындарымен сөз байласқан. Ұрланған отынды қылмыстық схеманы ұйымдастырушыларға тиесілі бірнеше базаның аумағында сақтау және сату фактілері анықталды. Қаражаттың көлеңкелі айналымы 1 миллиард теңгеден асады.

Тінту кезінде үлкен көлемде ақша, 17 тоннадан астам жанар-жағармай, отынды сақтау және айдау құралдары, сондай-ақ бірнеше автокөлік цистернасы тәркіленді. Барлық күдікті ұсталып, аса ірі көлемде ұрлық фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс аясында Шымкент мұнай өңдеу зауыты қызметкерлерінің қылмысқа, оның ішінде контрабандаға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді