Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ: Мұнай өнімдерін ұрлау мен контрабанда арналары әшкереленді

ІІМ: Мұнай өнімдерін ұрлау мен контрабанда арналары әшкереленді
Фото: Polisia.kz

Ішкі істер министрлігі мұнай өнімдерін ұрлау, заңсыз тасымалдау және контрабанда фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша кешенді жұмысты жалғастырып жатыр, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қараша айында Ақтөбе облысында полицейлер мұнай өңдеудің бастапқы өнімін жалған құжаттар арқылы ұрлау және тасымалдаумен айналысқан адамдар тобының әрекетін әшкереледі. Екі өңірде ұйымдастырушылардың нұсқауымен шамамен 60 тонна мұнай өнімін заңсыз тасымалдаған жүк көліктерінің жүргізушілері ұсталды. Тұрғын үйлер мен бір кәсіпорында жүргізілген тінтулер барысында шамамен 400 тонна мұнай өнімі, сондай-ақ атыс және газ қарулары, заңға қайшы операцияларды растайтын құжаттар тәркіленді. Басқа қылмыстық іс шеңберінде шетелге мұнай өнімдерін контрабандалық жолмен шығару арнасына тартылған компанияның қызметі тексерілуде. Алдын ала деректер бойынша кәсіпорын құны шамамен 8 млрд теңгені құрайтын 30 мың тоннадан астам жанармайды экспорттаған.

Қазан айында мемлекеттік шекарадағы теміржол өткізу пункттерінің бірінде осы компанияға тиесілі, көрші мемлекетке 300 тонна жанармай алып бара жатқан төрт вагон анықталды. Анықталған барлық дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жария етуге жатпайды. ІІМ мұнай өнімдерін ұрлау фактілерін анықтау бойынша жұмысты жалғастырады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады