Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда халықаралық деңгейдегі студенттік жатақхана ашылды

Алматыда халықаралық деңгейдегі студенттік жатақхана ашылды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Халықаралық білім беру корпорациясының (ХББК) жаңа студенттік жатақханасын аралады. 339 орынға арналған бұл нысан корпорацияның білім беру инфрақұрылымын дамытуға бағытталған ауқымды бағдарламасының бір бөлігі, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа ғимараттың басты ерекшелігі – жатақхана комфорт-класс деңгейінде салынған. Әр бөлме жеке асүймен, санитарлық тораппен және жұмыс аймағымен жабдықталған, бұл студенттердің тұрмысын барынша ыңғайлы етіп, апартамент үлгісіне жақындатады. Ғимаратта бірлесіп оқу мен жобалық жұмысқа арналған коворкинг аймақтары қарастырылған. Жатақхана «ақылды кампус» жүйесіне біріктірілген, ол қауіпсіздік пен қолжетімділікті орталықтан басқаруға мүмкіндік береді. Жалпы аумағы – 3 822,4 шаршы метр, инвестиция көлемі 15 млрд теңгеден асты.

Сапар барысында Алматы әкімі елімізге өз мамандарын даярлау қажеттігін атап өтті.

«Маңыздысы – түлектердің еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуы. Қазір біз жиі шетелдік мамандарға жүгінеміз. Қазақстандық мамандар жоқтың қасы. Сондықтан өзіміздің кадрларды өсіріп, олар қала игілігі үшін жобаларды жүзеге асыруы қажет», – деді Дархан Сатыбалды.

Студенттердің тәжірибелік даярлығы үшін ХББК базасында заманауи зерттеу алаңдары жұмыс істейді. Олардың қатарында Samsung және JBL компанияларымен бірлескен жобалар бар. Бұл болашақ архитекторларға, инженер мен дизайнерлерге әлемдік деңгейдегі құрал-жабдықта курстық және дипломдық жұмыстар орындауға мүмкіндік береді.

Университет кампусында FabLab (Fabrication Laboratory), қалалық зерттеу зертханасы, сейсмикалық әсерді зерттеуге арналған бірегей сейсмоплатформа, дрон зертханасы, құрылыс геотехникасы зертханасы, сондай-ақ О.Ю. Пяк атындағы желдету және кондиционерлеу бойынша мамандандырылған зертхана жұмыс істейді.

Айта кетейік, 2007 жылы құрылған Халықаралық білім беру корпорациясының (ХББК) құрамына Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы (ҚазБСҚА) және Қазақ-Америка университеті (ҚАУ) кіреді. Бүгінде корпорацияда 16 мыңнан астам студент оқып жатыр. ХББК халықаралық бағдарламаларды дамытып, әлемнің жетекші университеттерімен тығыз әріптестік орнатып келеді.

Алматы әкімдігі студенттер мен жастардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөліп, білім алуға және өмір сүруге қолайлы заманауи кеңістіктерді қалыптастыруда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті